Тұрғын үй кезегінде тұрған кейбір адамдардың баспаналары бар болып шықты

973

Мемлекеттен субсидия алу үшін арнайы есепшот болуы керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен өткен баспасөз мәслихатында "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұрғын үй кезегінде тұрған кейбір адамдардың баспаналары бар болып шықты

"Тұрғын үй кезегінде тұрған 46 азаматтың өтінімі кері қайтарылды. Себебі олардың аттарына тіркелген жылжымайтын мүлкі бар. Ереже бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың атында жылжымайтын мүлік болмауы тиіс", – деді Ләззат Ибрагимова. 

Спикердің айтуынша жергілікті әкімдіктер азаматтарды тексермей, үй кезегіне қоя берген. Сонымен қатар 52 адамның салық бойынша қарызы болса, тағы 46 адамның басқа банктер алдында қарызы бар. 

“Қазір бұл мәселені шешудің заңды тетіктерін қарастырып жатырмыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тиісті заңнаманың жобасын әзірледі. Құжат Мәжіліске жіберілді. Бұл Қазақстанда алғаш қолға алынып отырған мұндай жоба. Яғни, мемлекеттен субсидия алу үшін арнайы есепшот болуы керек. Ол есепшотқа түскен қаржыны басқа банк клиенттің қарызы есебінен шешіп алмауы тиіс. Азаматтың салық бойынша қарызы болса да, мемлекеттің жеңілдігін пайдалану құқығы бар", – дейді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу