Тұрғын үй кезегіне тұрушылардың автоматтандырылған базасы құрылады

1429

Осылайша, азаматтар өз кезегінің жылжуын онлайн режімде қадағалай алады.

 Тұрғын үй кезегіне тұрушылардың автоматтандырылған базасы құрылады

Әлеуметтік тұрғын үйге кезекке тұрушылардың бірыңғай республикалық автоматтандырылған базасы құрылады. Осылайша, азаматтар өз кезегінің жылжуын онлайн режімде қадағалай алады. Бұл туралы үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның сөзінше, "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында көпбалалы отбасылар үшін баспана сатып алуға және салуға қаржы қарастырылды. Республикалық бюджеттен жылына 50 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. Сөйтіп, алдағы 7 жылда 350 млрд теңге бөлінеді. Нәтижесінде 7 жылда 40 мың отбасы жаңа үйлеріне қоныстанады.

Осы жылдың мамыр айынан бастап 1,5 мыңға тарта көпбалалы отбасыға баспана берілген. Сондай-ақ 2022 жылға дейін жылда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы жұмыс істейтін жастарға арналған 3 мың жалдамалы пәтердің құрылысы жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу