Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады?

3412

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заң аз қамтылған отбасыларға және жалғызбасты зейнеткерлерге тұрғын үйді күтіп-ұстау мен коммуналдық шығындардың ақысын төлеуге көмек көрсетеді.

Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады?

2020 жылы 37,4 мың отбасына 1,059 млрд теңге сомасына тұрғын үй көмегі көрсетілді (бір жыл бұрынғыдан 31,4%-ға аз). Ай сайынғы тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2 363 теңгені құрады – 2019 жылдан 6,2%-ға аз. Тұрғын үй көмегін көп алғандар Қызылорда (4 750 отбасы), Жамбыл (4 676 отбасы) және Шығыс Қазақстан (4 618 отбасы) облыстарында тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеп.

Бұл көмек жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Оның мөлшері мен тәртібін жергілікті билік айқындайды. Әр өңірде адам басына үй алаңы, электр энергиясы және коммуналдық шығындардың нормасы бөлек-бөлек есептеледі.

Жәрдемақы тоқсанға беріледі және оны алу үшін тоқсан сайын жүгіну қажет. Бұл қазіргі жылыту маусымы кезеңінде ерекше өзекті.

Еске сала кетейік, көмек алуға өтінішті ХҚКО-да немесе "тұрғын үй көмегін тағайындау" қызметі арқылы онлайн беруге болады.
Мынадай құжаттар қажет:
* жеке куәлік (түпнұсқа);
* табысы аз отбасының табысын растайтын құжат (отбасының жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды);
* зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
* жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
* балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
* банк шоты;
* кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы жарналар туралы шот;
* коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;
* телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
* мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.

Ал онлайн өтініш беремін десеңіз, мыналар керек:
* көрсетілетін қызметке ЭЦҚ арқылы сұрау салу;
* отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
* жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркеу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
* балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
* банк шотының электрондық көшірмесі;
* тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
* коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың электрондық көшірмесі;
* телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
* жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу