Алайда олардың 21-і ғана геоақпараттық жүйелерді пайдаланады. Нәтижесінде халық пен бизнес инженерлік желілерге бірден қосыла алмайды.
Бұл мәселені шешу үшін қалалық кадастр жүйесі құрылады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында осы тақырыпқа тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Аумақтардағы бос желілер туралы деректердің аздығы инвесторлар мен қарапайым халық үшін негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Қазір елімізде тұрғын үй секторында 890-ға жуық табиғи монополия субъектісі жұмыс істейді, оның 21-і ғана геоақпараттық жүйе аясында қызмет етеді", – деді Қайырбек Өскенбаев.
Сондықтан министір қалалық кадастр жүйесі құрылатынын хабарлады. Бұл инженерлік инфрақұрылым нысандарына халық пен бизнеске қосылу бойынша ашық ақпарат беретін цифрлық платформа болады.
"Осылайша, табиғи монополиялар субъектілерінің қалалық кадастр жүйесінің деректеріне қосу техникалық шарттарды қамтамасыз ету, жүктемесі төмен инженерлік желілерді көрсету сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды, халық пен бизнес үшін ашық процесті қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар бұл қалалық кадастрдың бірыңғай ашық геоплатформасында инженерлік желі деректерін үздіксіз жаңартуға мүмкіндік береді", – деп қосты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.