Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін ТҚЖБ-ға 2,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп монополияға қарсы комитетке сілтеме жасап LS хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, 2018 жылдың мамырынан бастап қарашасына дейін қаржы институты бағалаушы компаниялардың жұмысына заңсыз араласқан. Банк өз басқармасының 2017 жылғы 23 қарашадағы шешімімен бекітілген бағалаушылармен жұмыс істеуге арналған стандартты шарттарда көзделген нысандарды бағалауға арналған рұқсат етілген ең жоғарғы баға белгілеу арқылы бағалаушы компаниялардың баға белгілеудегі жұмысына заңсыз араласып отырған.
"Сот тексеруі нәтижесінде, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2019 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен құқық бұзғаны үшін ТҚЖБ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, банкке 2,5 млн теңге айыппұл салынды", – деп түсіндірді монополияға қарсы комитет.
Қаржы институтының 20 маусым күні берген апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Құқық бұзу мен айыппұлды өндіріп алу туралы шешім заңды күшіне енді.