Қазақстанда биылғы жылға жоспарланған 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу бойынша жоспар орындалмайтын сыңайлы. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Amanat партиялық бақылау комитетінің отырысында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
"Шамамен 3 млн шаршы метр тұрғын үйді салуға үлгере алмай келеміз. Негізгі себептер жұмыс кестесінің кешігуі, қаржының жеткіліксіздігі, бірақ ең бастысы – құрылыс материалдарының қымбаттауы. Белгілі бір деңгейде импортқа тәуелдіміз. Елге құрылыс материалдарын әкелуде қиындықтар туындады", – деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін елімізде 137,7 мың жаңа пәтер мен жеке тұрғын үй салынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу