Тұрғын үй құрылысы саласында 27 алаяқтық фактісі анықталды

815

Келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд 200 млн теңгеден асады.  

Тұрғын үй құрылысы саласында 27 алаяқтық фактісі анықталды

Бұл туралы қаржы пирамидаларын құруға байланысты брифингте ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті.

"Үлескерлік тұрғын үй құрылысы саласында 27 алаяқтық факт анықталды. Олардан келген шығын көлемі 3 млрд 200 млн теңгеден асады.  Бұл қылмыстық істер бойынша 305 адамды жәбірленуші деп танылды", – деген ол нақты мысалдарға тоқталды. 

"Нұр-Сұлтан қаласының Тергеу департаменті "Шығыс" тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша алаяқтық істі тергеуде. Бұл іс бойынша 24 адам жәбірленуші деп танылды. Алдын ала болжам бойынша 184 млн 900 мың теңге шығын келтірілді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда Expo New Life тұрғын үй кешенінің үлескерлерінен арыз түсті. Шығын көлемі 2 млрд теңгеден асады", – деді Санжар Әділов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу