Тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаржы артып келеді

577

Тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаржы артып келеді

2015 жылы елдегі тұрғын үйлердің құрылысына 740 млрд теңге бөлінсе, өткен жылы 830 млрд теңгеге жеткен.  Сөйтіп, 2016 жылы Қазақстан тұрғын үй қоры 90 мың баспанаға артты, деп xабарлайды inform.kz.

"Ал 2017 жылдың алғашқы тоқсанында тұрғын үй құрылысына 177 млрд теңге жұмсалды. Сөйтіп, үш айдың ішінде жалпы ауданы 3,1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 25 мың баспана салынды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,3 пайызға артық. Жалпы, биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында шамамен 100 мың баспана салынады. Соның ішінде 25 мың баспана мемлекеттің ақшасына тұрғызылады", – дейді Құрылыс және тұрғын үй коммуналды шаруашылық істері комитетінің төрағасы Марxабат Жайымбетов.

Айта кетейік, мемлекеттің ақшасына салынатын баспананың ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға арналған пәтерлер де бар. Ол үшін қазынадан 25 млрд теңге бөлінді. Биылғы жылы облыстарда құрылыс жұмысы басталуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу