Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру жоспары артығымен орындалды – Данияр Жұмашов

1650

Кепілдік берілген пәтерлердің жалпы алаңы 241,3 мың шаршы метрді құрайды, бұл барлығы 4145 пәтер.

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру жоспары артығымен орындалды – Данияр Жұмашов

2018 жылы "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" Астана, Алматы, Шымкент, Орал қалаларындағы тұрғын үй құрылысының аяқталуына жалпы сомасы 56,4 млрд теңгені құрайтын 16 кепілдік берді, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Биылғы жылдың қорытындылары бойынша кепілдік берудің нақты сомасы 56,4 млрд теңгені құрады және бұл жоспардан 16,3 млрд теңгеге асып түсті. Ал 2018 жылға жоспарланған көрсеткіш – 40,1 млрд теңге. "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" үлестік құрылыстың нарығын 13,9% қамтыды,  ал жоспар бойынша 7% көзделді",  деп мәлімдеді "Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры" АҚ басқарма төрағасы Данияр Жұмашов.

Сонымен қатар,  кепілдік берілген пәтерлердің жалпы алаңы  241,3 мың шаршы метрді құрайды, бұл барлығы 4145 пәтер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу