Тұрғын үй құрылысына тартылған жеке инвестиция мемлекет қаражатынан 6 есе көп

1189

Биыл елімізде 17 млн шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр. 

Тұрғын үй құрылысына тартылған жеке инвестиция мемлекет қаражатынан 6 есе көп

Қазақстанда соңғы 30 жылда 169 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынып, 1,5 млн азамат баспана жағдайын жақсартты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тұрғын үймен қамтамасыз ету көлемі 18 жылдың ішінде бір тұрғынға шаққанда 34% өсіп, 21,9 шаршы метрге жетті.

"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру басталғалы (2017 жылдан бері) 52 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 470 мың баспана салынды.

"Тұрғын үй құрылысына 3,6 трлн теңгеден астам қаражат тартылды. Оның ішінде 864 млрд теңге – мемлекеттік инвестиция. Ал жеке инвестиция мемлекет қаражатынан 6 есе артық тартылды. Биыл еліміз бойынша 17 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 163,1 мың баспана салу жоспарланып отыр", – деп хабарлады министрлік.

Тұрғындардың өмірін жайлы ету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық секторды және тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша 132,9 млрд теңгеге 572 жоба іске асырылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу