Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылды

833

Бес оператордың басы біріктірілді.

Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылды Фото: Максим Морозов

9 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Осылайша "Қазақстан ипотекалық компаниясы", "Бәйтерек девелопмент", "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры", "Бәйтерек" ҰБХ" бір орталыққа біріктірілді. 

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шара жалпы әкімшілік шығыстарды кемінде 40%-ға азайтпақ. Штат саны да оңтайландырылып, басқарушы буындағы мамандар саны шамамен 3 есеге қысқармақ.

"Бастапқы кезеңде бірыңғай оператор  қолжетімді тұрғын үй құрылысын әкімдіктердің облигацияларын сатып алу арқылы қаржыландыру, құрылысты аяқтауға кепілдік беру арқылы халықтың үлестік салымдарының сақталуын қамтамасыз ету, жеке құрылыс салушылардың коммерциялық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, әкімдіктер жанындағы уәкілетті ұйымдарғ мен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй салуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға кредит беру, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру,  әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй беру, ипотекалық қарыздар беру және уәкілетті органның лицензиясы негізінде өзге де қызметтерді ұсыну сияқты міндеттерді атқарады", - деп жазады акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу