Тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша артта қалу қаупі бар – Олжас Бектенов

Мұндай жайсыз хабарды Үкімет отырысында Премьер-министр айтты. 

Тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша артта қалу қаупі бар – Олжас Бектенов Фото: Үкімет

Олжас Бектеновтың сөзінше, құрылыс маусымы басталса да, бірқатар жүйелі мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Құрылыс саласында да биыл тұрақты динамиканы қамтамасыз ету қажет. Мысалы, жалға берілетін тұрғын үйді қаржыландыру арқылы құрылыс жұмыстарын ынталандыру және жаңа құрылыс аудандарына инженерлік инфрақұрылымды уақытылы тартуда мәселелер бар. Шын мәнінде бұған әкімдіктер тарапынан жете мән берілмей келеді әрі жобаларды іске қосу бағытында да белсенді жұмыс байқалмайды, – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің пікірінше, тұрғын үй құрылысына 516 миллиард теңге қажет. Ал өңірлер 249 миллиард теңгенің өтінімін ғана растаған. Бұл өз кезегінде қажетті деңгейден шамамен екі есе төмен болып тұр.

– Егер әкімдіктер тез арада тиісті шешім қабылдамаса, тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша артта қалу қаупі бар. Осыған байланысты Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде жергілікті бюджеттерге пайыздық мөлшерлемені өтеп, облигациялар бойынша негізгі борышты жабуға мүмкіндік беретін нақты тетіктерді әзірлеуді, сондай-ақ аталған құралдарға өңірлердің қатысуы үшін ашық жағдай жасауды тапсырамын. Нақты параметрлері мен қаржыландыру көздері айқындалған дайын шешімдер қажет, – деді Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу