Тұрғын үй мен көрсетілетін қызметтер бағасы әркелкі өсіп барады

739

Қыркүйекке дейінгі тоғыз айда тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлері былтырғы тоғыз аймен салыстырғанда 5,7%-ға қымбаттады. Мемлекет реттейтін коммуналдық қызметтер бағасы 3%-ға ғана өсті. Осы орайда жалпы жылдық инфляция деңгейі 7,8% екенін айта кетейік. 

Тұрғын үй мен көрсетілетін қызметтер бағасы әркелкі өсіп барады

Мәліметтер FinProm сайтынан алынды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Тұрғын үйге қатысты қызметтердің бағасы әркелкі өсіп барады. Мысалы, тұрғын үйді жалдау ақысы бір жылда бірден 13,2%-ға, ал тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету мен жөндеу үшін төлем 7,9%-ға өскен. 

Осы орайда мәлімет үшін жаңа үйлер бағасы бір жылда 10,8%-ға, ал екінші нарықтағы үйлер бағасы 23%-ға өскенін келтіре кетейік.

Қоқыс шығару бір жылда бірден 15,3%-ға қымбаттаса, домофон компанияларының қызметтері 3,2%-ға, ыстық судың құны 1,4%-ға өсті. Ал орталық жылыту 1,2%-ға арзандап отыр.

Мемлекет реттейтін қызметтер сегментіндегі бағалар тұрақты. Жоғарыда айтылған суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру (кәріз), электр энергиясы, газбен жабдықтау және жылумен жабдықтау (жылыту) сияқты қызметтер реттелетін қызметтерге жатады.

Жалпы реттелетін қызметтер саласында қазақстандықтардың құқықтары заңмен қорғалады.

Бұл есептеу ел тұрғындарының түбіртегіне қарап әзірленді. Түбіртектерден реттелетін де, реттелмейтін де қызметтерді көруге болады.

Коммуналдық қызмет көрсету қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасындағы жеке шарт негізінде жүргізіледі. Тұтыну сипаты мен қызмет көрсету режимі нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келуі керек.

Халыққа реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын қызмет көрсетуші компаниялардың жұмысын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ҚР ҰЭМ ТМР) бақылайды, дәл осы инстанцияға тұтынушылар құқықтары бұзылған жағдайда жүгіне алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу