Тұрғын үй нарығы тұралай бастағандай

4244

Жалға алу төлемі маусымда алдыңғы аймен салыстырғанда 1,1%-ға төмендеді.

Тұрғын үй нарығы тұралай бастағандай

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, бір айдың ішінде (2022 жылғы маусым 2022 жылғы мамырға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,1%, пәтерлерді қайта сату 0,4% ғана өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда маусымда 1,1%-ға төмендеді. 

2022 жылғы маусым мен 2021 жылғы маусым аралығында қайталама нарықтағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,5%-ға өсті.

2022 жылғы маусымда тұрғын үйді жалдау ақысы өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 21%-ға артты.

Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында едәуір өсті – 27,9%-ға. 

Қайталама нарықтағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсімі – Қызылорда қаласында (46,7%) тіркелген. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында Алматы қаласында өсім (48,3%) айтарлықтай.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу