Тұрғын үй нарығындағы белсенділік 20%-ға төмендеді

521

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мамыр айында қазақстандықтар тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 25,6 мың мәміле жасады. 

Тұрғын үй нарығындағы белсенділік 20%-ға төмендеді Фото: inbusiness.kz

Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 18,6%-ға немесе 5,9 мыңға аз, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Сәуір айындағы күрт өсімнен кейін көрсеткіш 2023 жылғы қаңтар-наурыздың орташа айлық деңгейіне оралды.

"Төмендеу барлық аймақтарда байқалды. Әсіресе Алматы (-1,3 мың, 4,3 мыңға дейін) және Астана (-1,1 мың, 3,7 мыңға дейін) қалаларында ең жоғары құлдырау тіркелді. Екі қала барлық мәміленің үштен бірін қамтамасыз етті.  Маңғыстау (-566, 1,6 мыңға дейін) және Қарағанды (-479, 2,4 мыңға дейін) облыстарындағы жағдай да көңіл көншітпеді. Жетісу облысы құрылған сәттен бастап мұндағы мәміле саны ең төменгі деңгейге жақындады (-211, 581 дейін)", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу