Тұрғын үй нарығындағы белсенділік бойынша Астана алдыңғы орынды бермей тұр

752

Тұрғын үй нарығындағы белсенділік бойынша Астана алдыңғы орынды бермей тұр

Елде тұрғын үй нарығындағы белсенділік едәуір артқан. Өткен жылы баспана сату-сатып алу бойынша 239 мың 600-дей келісімшарт жасалыпты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырған 26% артық, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Finprom" порталының мәліметі бойынша, барлық мәміленің 14,6% Астана қаласының үлесінде. Елордада 34,9 мың сату-сатып алу шарты түзілген. Екінші орында Алматы қаласы, мұнда пәтер алушылардың саны елдегі көрсеткіштің 14% құрапты. Жасалған келісімшарт саны - 33,4 мың. Үшінші орынға 10,4% көрсеткішпен Қарағанды облысы шықты. Баспана алу үшін жасалған келісім саны - 24,9 мың.

Сарапшылар тұрғын үй нарығындағы мұндай белсенділікті мемлекеттік бағдарламалардың табысты орындалуымен байланыстырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу