Тұрғын үй салмас бұрын жасыл аймақ пен мектептер мәселесі ескеріледі

843

Көпқабатты үйлердің арақашықтығына байланысты жаңа талаптар бекітілді. 

Тұрғын үй салмас бұрын жасыл аймақ пен мектептер мәселесі ескеріледі

Алматының Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте жаңа құрылыс ережелерімен таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикердің сөзінше, қабылданған талаптарда мегаполис аудандарын көгалдандыруға ерекше назар аударылған.

"Жаңа ереже бойынша кез-келген кварталды көгалдандырудың жалпы аумағы бір адамға шаққанда кемдегенде 10 шаршы метр, ал құрылыс алаңына  білім беру мекемелері қолжетімді, мысалы, мың адамға шаққанда мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде кемінде 100 орын, ал мектептерде кемінде 180 орын болуы тиіс", – деді Алмасхан Ахмеджанов.

Бұған қоса жаңа ережелерде тұрғын аудандар мен шағын аудандардағы халықтың тығыздығына, үйлердің қашықтығына байланысты шектеулер енгізілді. 

"Мәселен, 3-5 қабатты үйлерде арақашықтық кем дегенде 20 метр, 10-16 қабатты үйлерде кем дегенде 48 метр, ал 17 және одан жоғары қабаттарда 80 метрге дейін болады. Құжатта  Алматының бірегей сәулеттік келбетін сақтауға, жасыл аймақтарды сақтап қалуға ерекше назар аударылған", – деді басқарма басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу