Тұрғын үй сапасы неге сын көтермейді?

1112

 Ал Павлодарда құлап қалған ғимаратты салып жатқан мердігер бұрын-соңды тұрғын үй тұрғызып көрмеген, деп хабарлайды Atameken Business.  

Тұрғын үй сапасы неге сын көтермейді?

Яғни, бұл салада тәжірибесі жоқ мекеме екені белгілі болды. Қазір құзырлы органдар құрылыс компаниясына қатысты тексеруді бастады. Естеріңізге сала кетсек, кеше кешкісін Керекуде салынып жатқан төрт қабатты элиталы үй құлап қалды. Наурыз айында ғана іргетасы қаланған құрылыс, үшінші қабатқа жеткенде ортасына опырылып түсті. Сағат кешкі сегізге жақындап қалғанына қарамастан, құрылыс алаңында жұмысшылар болған. Олардың үшеуі түрлі жарақат алып, ауруханаға түсті. Екеуінің жағдайы орташа ауырлау. Өзбекстан азаматтарының ешқайсысында құрылыста жұмыс істеуге ресми рұқсаты болмапты. Ал, апаттың нақты себебі арнайы сараптамадан кейін белгілі болады.

"Бесобадағы жағдай қайталана ма?" деп жандарын шүберекке түйіп жүрген тұрғындардың бұл пір парасы ғана. Біздің есіміздегі, бізге естілгені. Қалтарыста қалып жатқандарының да қатары қалыңдау. Сорақысы сол, жаңадан бой көтерген баспаналардың сапасы сын көтермей жатады. Әне-міне құлағалы тұрғандардың бағасы "өзіне тым көп" алып қояды. Құрылысы көңілге қонбаса, құны қақшаңдап шығады. Сонда, сапа мен баға неге сәйкес келмейді? Қадағалау неге тиісті деңгейде емес? Айтпақшы, әлгі айтқан кескен теректей құлап түскен "Бесобаның" атауы "Шапағатқа" ауысқанымен, жұртқа шапағаты тимеген сияқты. Мұны бізге Мәжіліс депутаты Айбек Паяев айтты. Неге? Оны дәл қазір бізге скайп арқылы шығып айтып береді. Жалпы, құрылыс сапасы, нысанды қадағалау жөнінде де сөз қозғаймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу