Үкіметтің қаулысымен тұрғын үй төлемдерін алуға жататын азаматтық қорғау органдары лауазымдарының тізбесі бекітілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Енді Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері әскери қызметшілермен тең дәрежеде тұрғын үй төлемдерін алуға құқылы. Бұл шешім күн сайын ел қауіпсіздігін қорғауда және азаматтық қорғаудың маңызды міндеттерін орындайтын ТЖМ қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды нығайтудағы тарихи қадам болды.
"Осы сәттен бастап ТЖМ қызметкерлеріне әскери қызметшілермен бірдей тұрғын үй төлемдерін алу құқығы берілді. Бүгінгі таңда ТЖМ қызметкерлерін тұрғын үйге мұқтаж деп тану және тиісті төлемдерді тағайындау бойынша жоспарлы жұмыстар басталды", – делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Бұл шара Отанға, қоғамға және Қазақстанның әрбір азаматына адал қызмет ететіндерге мемлекеттік қамқорлықтың жарқын үлгісі болып табылады.