Тұрғын үй үлескерлеріне жағдай жасалуда

738

Тұрғын үй үлескерлеріне жағдай жасалуда

"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" алғашқы тұтынушысымен келісім шарт жасасты. Қордың алғашқы кепілдігіне Базис-А корпорациясының елордадағы "Миллениум" Тұрғын Үй кешенінің жобасы болып отыр. Кәсіпорын президенті Даниял Ахметшакировтың айтуынша құрылыс компаниясы салған нысан Қордың барлық талаптарына сәйкес келеді. Ал Қордың Басқарма Төрағасы Дәурен Оңаев болса кепілдік үлескерлер салымдарының сақталуын қамтамасыз ету және белгіленген мерзімде құрылыстың аяқталуын кепілдендіру болып табылады деді. Сондай-ақ, мемлекет қаржысына ие болу үшін, компания кепілдік алғысы келген жоба құрылысының жартысына жетерлік қаражатын көрсетуі керек. Ал нысан салынатын жер телімі ұзақ мерзімді жалға берілген аумақ болуы шарт деп қорытты. Айта кетсек, Кепілдік беру қоры "Бәйтерек"Холдингінің еншілес компаниясы болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу