Тұрғын үй жалдау субсидиясы қандай жолмен төленеді

1128

Жаңа тұрғын үй саясатының аясында елімізде 70 мыңнан астам адамның тұрғын үй жалдау шығынын мемлекет жартылай субсидияламақшы.

Тұрғын үй жалдау субсидиясы қандай жолмен төленеді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы Нұрбол Көкенов тұрғын үй жалдау субсидиясы қандай жолмен төленетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Хабар" телеарнасындағы "Бүгін" бағдарламасында тұрғын үй жалдау субсидиясы ешккімнің қолына берілмейтіні айтылды.

"Бұл жерде тұрғын үйді жалға беруші адам мен жалға алушы шот ашады. Оны "Отбасы банк" көріп отырады. Арендаға алған адам өзі төлейтін 50 пайызды бірінші төлейді. Ол төлемнің түскенін "Отбасы банк" автоматтандырылған жүйе арқылы электронды түрде көріп отырады. Жалға алушы өзі төлейтін 50 пайыз ақшаны аударғанын көргеннен кейін барып "Отбасы банк" 50 пайызын аударып береді", - деді Нұрбол Көкенов.

Бағдарлама барысында бұл қағидалардың бәрі әлі нақты бекітілмегені де айтылды. Яғни, Индустрия жән инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынып отырған нұсқа осындай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу