Тұрғын үйде тіркелгендер саны туралы хабардар ететін болады

1006

Тұрғын үйде тіркелгендер саны туралы хабардар ететін болады

Тұрғын үй иелерін оның жылжымайтын мүлік объектісінде тіркелген азаматтардың саны туралы хабардар ету сервисі электрондық үкімет порталында қолжетімді болады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

​"Қазіргі уақытта "электрондық үкімет" порталына СМС-хабарлама, мобильді қосымшалар жолдау арқылы, төлеу терминалдары, коммуналдық қызметтер төлемі туралы түбіртекте, нотариустың жылжымайтын мүлік объектісін сатып алушыға сатып алу-сату шартын ресімдеу кезінде сатып алуға жататын тұрғын үйде тіркелгендер саны туралы хабарландыру сервистері әзірленуде", - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні деректер базасында Мекенжайды тіркеу коды бойынша мекенжай мәліметтері еліміздің 8,7 млн жуық азаматында бар, "электрондық үкімет" порталы арқылы тіркеу есебінен шығару бойынша қызмет енгізілуде. Бұл әрбір жылжымайтын мүлікке "электрондық үй кітапшасын" құруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта өзінің мекенжай мәліметтерін әр азамат қана емес, тұрғын үй иесі де Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгіне отырып, оның мекенжайында тіркелген адамдарға да ала алады.

Сонымен бірге, мекенжай бойынша тіркелгендер туралы анықтама беру кезінде проблемалы мәселелер туындап жатыр. Осылайша, анықтамада тұрғын үйді алғанға дейін тіркелген адамдар (оның ішінде қайтыс болғандар, республикадан тыс жерлерге кеткендер) көрсетілуде. Бұл мәселелер уақытша жағдай ғана.

Осыған байланысты қайтыс болғандарды, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендерді, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандарды тіркеуден автоматты түрде шығару жұмысы жүргізілуде.

Тұрғын үй иесі үйінде тұрмайтын адамдарды ХКО, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы, сондай-ақ егер "электрондық үкімет" порталының мобильді азаматтар базасында тұрғын үй иесінің мобильді телефон нөмері тіркелген жағдайда бір реттік парольдің көмегімен тіркеуден шығара алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу