Тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру мерзімі қысқарады

204

Енді 30 күннің орнына бес жұмыс күні ішінде хабарландыруы тиіс. 

Тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру мерзімі қысқарады Фото: freepik

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерін түзету жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобаға сәйкес, енді хабарландыруды 30 күннің орнына бес күн ішінде орналастыру ұсынылып отыр. 

"Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзірленген. Бұйрықты қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді. Бұйрық жобасы 2024 жылғы 11 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Мерзімі 2024 жылғы 25 шілде", – делінген баспасөз хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу