Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау және Абай облыстарында тіркелді

2023 жылғы қаңтар-шілдеде 8,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау және Абай облыстарында тіркелді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысына Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

"2023 жылғы қаңтар-шілдеде 8,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға жоғары", – деді министр.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау және Абай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында байқалды.

Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 2,6%-ға ұлғайды.

Саладағы өндірістің өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу