Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша қай облыстар көш бастады?

207

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Қызылорда, Қарағанды, Жетісу және Түркістан облыстарында байқалады.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша қай облыстар көш бастады? Фото: canva.com

Биылғы он бір айдың қорытындысы бойынша құрылыс саласы жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрылыс жұмыстарының өсуі 10,3%-ды құрады. Өсудің жоғары көрсеткіші Мемлекет Басшысының тұрғын үй құрылысы, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы, сондай-ақ инженерлік желілерді модернизациялау бойынша төрт ауқымды бастамасын іске асырудың арқасында қамтамасыз етілді. Оң серпін 18 өңірде тіркелді, бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Қызылорда, Қарағанды, Жетісу және Түркістан облыстарында байқалады. Құрылыс жұмыстарының төмендеуі Атырау және Маңғыстау облыстарында байқалады", - деді Нұрлан Байбазаров.

Министрдің мәліметінше, қаңтар-қыркүйекте 16,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,3%-ға артық.

Ең жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласында, сондай-ақ Павлодар, Түркістан, Ұлытау және Қызылорда облыстарында байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу