Тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны артып келеді

595

Алайда жоспарсыз құрылысқа наразылар да көп.  

Тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны артып келеді

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазды inbusiness.kz

Бюро 10 жылдағы деректерді ұсынған:
 - 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 24 399 жеке тұрғын үй және 770 көппәтерлі тұрғын үй;
 - 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 23 949 жеке тұрғын үй және 687 көппәтерлі тұрғын үй;
 - 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 25 747 жеке тұрғын үй, 569 көппәтерлі тұрғын үй;
 - 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 31 362 жеке тұрғын үй, 783 көппәтерлі тұрғын үй;
 - 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 35 628 жеке тұрғын үй, 929 көппәтерлі тұрғын үй;
 - 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 26 548 жеке тұрғын үй, 1 203 көппәтерлі тұрғын үй;
 - 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 37 376 жеке тұрғын үй, 1 237 көппәтерлі тұрғын үй;
 - 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 41 415 жеке тұрғын үй, 1 212 көппәтерлі тұрғын үй;
 - 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 39 302 жеке тұрғын үй, 1 588 көппәтерлі тұрғын үй;
 - 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 41 688 жеке тұрғын үй, 1 712 көппәтерлі тұрғын үй;
 - 2022 жылғы қаңтар-сәуірде – 228 көппәтерлі тұрғын үй.

Сонымен қатар, соңғы екі жылда ғана Қазақстанда жоспарсыз салынған құрылысқа қарсы оннан астам наразылық акциясы өтті.

Көбінесе Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары наразылық білдірді:
 - 2020 жылдың 29 ақпанында Алматыдағы Ганди саябағы маңында нысан салуға қарсы митинг өтті;
 - 2021 жылдың 13 ақпанында Алматыдағы Нұрмақов көшесінің тұрғындары наразылық білдірді;
 - 2021 жылдың 18 наурызында Алматы қаласындағы консерві комбинаты ауданында 57 көпқабатты үйдің құрылысына қарсы наразылық акциясы өтті;
 - 2021 жылдың 30 наурызында Алматы қаласы Самал-2 шағын ауданының тұрғындары наразылық білдірді;
 - 2021 жылдың 12 сәуірінде Алматыдағы "Кәусар" тұрғын үй кешенінің тұрғындары наразылық білдірді;
 - 2021 жылдың 2 маусымында Алматыдағы Манас, Әуезов және Шевченко көшелерінің тұрғындары наразылық акциясына шықты;
 - 2021 жылдың 22 қыркүйегінде алматылықтар Назарбаев даңғылы мен Қозыбаев көшесінің аралығындағы тұрғын үй кешенінің құрылысына қарсылық білдірді;
 - 2022 жылдың 20 ақпанында Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындары наразылық акциясын өткізді;
 - 2022 жылдың 21 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында "Хайвил" тұрғын үй кешенінің тұрғындары ұйымдастырған наразылық акциясы өтті;
 - 2022 жылдың 5 сәуірінде Алматы "Қалқаман" ықшам ауданының тұрғындары наразылық акциясына шықты;
 - 2022 жылғы 14 сәуірде Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындары қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде осы  мәселені көтерді;
 - 2022 жылдың 11 маусымында Алматыда осындай акциялардың бірі өлімімен аяқталды.

Бұл бұқаралық ақпарат құралдарында ең көп жарияланған жағдайлар ғана. Шын мәнісінде мұндай оқиғалар одан да көп болды.

Экологиялық белсенді Салтанат Тәшімованың айтуынша, бір ғана Алматының өзінде құрылысына жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қарсы 96-ға жуық нысан бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу