Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 10,6%-ға өсті

910

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 11 айда қанша шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 10,6%-ға өсті

"Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң динамика сақталып отыр. Есептік кезеңде 13,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 10,6%-ды құрады. Оң динамика 15 өңір бойынша тіркелді. Олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу