2023 жылдың наурыз айында krisha.kz сайтындағы бір хабарландыру орта есеппен 117 күн тұрған (бұл индекс емес, нақты мән). Яғни, қазір үйді сатуға орта есеппен 4 айға жуық уақыт кетеді.
Ең жылдам пәтерлер БЖЗҚ-дан қомақты қаражат түсудің басы мен аяғында сатылған. Осы кезеңдерде үйдің жарнамасы орташа 80 күннен аз уақыт тұратын. Бұл қазіргіден бір жарым айға аз.
Сонымен қатар қазір баспанаға сұраныс төмендеді, оны тек жарнаманы қарау деректерінен ғана емес, транзакциялар саны туралы ресми деректерден де байқауға болады. Ұсыныс өсуде, ал сұраныс төмен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу