Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 18 пайыз төмендеді

808

Қаңтар-сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сатуға қатысты 71 мыңнан аса мәміле жасалды.

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 18 пайыз төмендеді

ҰЭМ статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдың қаңтар-сәуірінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 71 436 болған.

Тек сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сатуға қатысты 5211 мәміле жасалыпты. Дегенмен наурыз айымен салыстырғанда мәміле саны 75,9% кемігенін байқауға болады.

Ал 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 18,1% төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу