Тұрғын үйді жалға алу ақысы 10%-ға өсті

927

Ең жоғары баға – Нұр-Сұлтанда, ең төмен баға – Семейде тіркелген.

Тұрғын үйді жалға алу ақысы 10%-ға өсті

Елімізде 2020 жылдың шілдесіндегі көрсеткіш бойынша тұрғын жалға бару бағасы орта есеппен шаршы метріне 1,6 мың теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,5%-ға жоғары, деп хабарлады finprom.kz. 

Егер маусым айымен салыстыратын болсақ жалға беру құны 0,4%-ға өскен. 
Елімізде ең жоғары бағашаршы метріне 3,1 мың теңге елордада тіркелген. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 10,3%-ға жоғары. Сонымен қатар баға саясаты бойынша көш бастап тұрған қалалар тізімінде Алматы мен Ақтау да бар. 
Ал Павлодарда жалға беру ақысы бірден 37,9%-ға қымбаттап, тұрғын үйді жалдаудың орташа құны шаршы метріне 1,7 мың теңгеге жетті. Талдықорғанда жалға алу ақысы 36,9%-ға, Таразда 15,4%-ға өскен. 

Ең төмен баға Семейде тіркелген. Мұнда тұрғын үйдің шаршы метрін 1,2 мың теңгеге жалға алып тұруға болады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу