Тұрғын үйді жалға алу бағасы өсті

637

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жыл соңына дейін елдегі инфляция 7,5%-8,5% дәлізіне жетуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұрғын үйді жалға алу бағасы өсті

"Азық-түлікке жатпайтын инфляция тамызда 7,3%-ға дейін жетіп, 0,1% тармаққа өсті. Азық-түлікке жатпайтын инфляция үлесі мамыр, тамыз айларында 0,94% тармақты құрады", – деді Ұлттық банк төрағасы. 

Ерболат Досаевтың сөзінше, ақылы қызмет инфляциясы тамызда 6,6%-ға дейін өсті.  

"Шекті тарифтердің көтерілуіне байланысты электр энергиясы бағасының өсуі 10,1%-ды құрады. Сұранысты қалпына келтіру аясында тұрғын үйді жалға алу бағасы, қоғамдық тамақтану, газ және жолаушылар әуе тасымалы бағасы өсті. Ұлттық банк болжамдық раундтың қорытындысы бойынша биыл жыл соңына қарай инфляция 7,5%-8,5% дәлізінде қалыптасады деп отыр.  Оның төменгі шекарасы инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыруды ескере отырып айқындалған", – деді Ерболат Досаев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу