Тұрғын үйдің қымбаттауына әкімдіктердің жүйесіз іс-қимылы себеп – ИИДМ

1174

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі құрылыс материалдарының қымбаттауына қатысты түсініктеме берді.

Тұрғын үйдің қымбаттауына әкімдіктердің жүйесіз іс-қимылы себеп – ИИДМ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі құрылыс материалдарының қымбаттауына қатысты түсініктеме берді.

Қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты туындаған көлік-логистикалық дағдарыс аясында биыл басқа елдердегідей Қазақстанда да объектілер құрылысының қымбаттауы және құрылыс материалдарын жеткізушілердің алыпсатарлық әрекеттерінің өсуі өзекті мәселе болып отыр.

"Осыған байланысты ішкі нарықтың құрылыс материалдарына деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ импортқа тәуелділікті төмендету және бағаның ауытқуын болдырмау үшін 2025 жылға дейін 15,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашып, 157 инвестициялық жобаны іске асыру ұсынылды. Қазіргі уақытта өңірлердегі әкімдіктерімен, даму институттарымен және "Атамекен" ҰКП-мен келісе отырып құрылыс индустриясы жобаларын 2025 жылға дейін егжей-тегжейлі іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-мен бірлесіп, импортты алмастыратын 35 жоба іріктеп алды", – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Аталған жобаларды іске асыру сантехкерамика, жылу оқшаулағыш материалдар, бөлмелер арасындағы есіктер, ДСП, шыны, керамикалық плиткалар, еден жабындары және басқа да сұранысқа ие құрылыс материалдары санатындағы импорт үлесін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ министрлік бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілер құрылысының қымбаттауының алдын алу үшін қадамдар жасады.

Мәселен, құрылыс ресурстары құнының елеулі ауытқуына жедел ден қою мақсатында ведомство құрылыс материалдарының өзекті сметалық бағаларының жинақтары шығарылуда. Бұл бюджеттік объектілердің аяқталмаған құрылыс көлемінің ұлғайып кету қатерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Болып жатқан процестерге байланысты Қазақстанда мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан 286 нысанның құрылысы тоқтатылғанын атап өткен жөн. 84 жағдай бойынша құрылыс жұмыстары жобалардың қымбаттауына байланысты тоқтап қалғаны анықталды.

"Құрылыс саласын тұрақты мониторингілеу нысандарды қаржыландыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың жүйесіз іс-қимылы осындай қымбаттаудың бірден бір себебі болып табылатынын көрсетеді. Бір нысанды аяқтамай, олар тағы бірнеше жобаны жүзеге асыруға кіріседі және осы қаражат шегінде құрылыстың аяқталу мерзімін ұзартады. Бұл мердігерлердің өз міндеттемелерін толықтай орындамай, құрылыс жұмыстарының тоқтауына әкеп соғады. Өткен жылы құрылыс ресурстары құнының өсуіне байланысты өңірлердің әкімдіктері 641 жоба бойынша құрылыс құнын түзету бойынша өтініш білдірген", – деп жазылған ақпаратты.

Осыған байланысты ҚР ИИДМ Қаржы министрлігіне қаржыландыру мерзімдерін орындау бөлігінде жауапкершілік шараларын қатаңдатуды, сондай-ақ жобаларды түзетуді жеңілдету бөлігінде мемлекеттік аудит жүргізу мерзімдерін нақтылауды ұсынды.
Қабылданып жатқан шаралар елдегі тұрғын үй және өнеркәсіп құрылысының қарқынын төмендетпеуге мүмкіндік береді.
 
Анықтама: 2022 жылы 15,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салу жоспарланған. 2022 жылдың 2 айында 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13 өңірде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің ұлғаюы байқалады. Ең жоғары өсім байқалатын өңірлер: Павлодар (191,1%), Солтүстік Қазақстан (146,3%), Түркістан (139,5%), Алматы (125,2%) және Ақмола (113,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласы (110,5%). 2022 жылы тұрғын үй құрылысы саласына 2,4 трлн теңге инвестициялар тарту жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу