Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою уақытша тоқтатылады

1480

Бұл шара тұрғын үй кезегінің бірыңғай ұлттық жүйесін іске қосумен және деректерді жаңа жүйеге көшірумен байланысты.

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою уақытша тоқтатылады

"Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою" мемлекеттік қызметке өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою 20 қараша мен 13 желтоқсан аралығында уақықтша мүмкін болмайды. Бұл шара тұрғын үй кезегінің бірыңғай ұлттық жүйесін іске қосумен және деректерді жаңа жүйеге көшірумен байланысты.

Техникалық жұмыстар жүргізілгеннен кейін, тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тіркеу үшін құжаттарды ұсыну қалыпты режимде жұмыс жасайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу