Тұрғын үйге мұқтаж полиция қызметкерлері өтемақы алып отыр

1523

Полиция қызметкерлерінің жалақысы қанша пайызға өскені жарияланды. 

Тұрғын үйге мұқтаж полиция қызметкерлері өтемақы алып отыр

Парламент сенатының үкімет сағатында 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғыртудың жол картасын жүзеге асыру тақырыбы талқыланғанда ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тұрғын үйге мұқтаж 15571 полиция қызметкері мемлекеттен өтемақы алып отырғанын айтты. 

"Бұл ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің 46,4%", – деді министр.

Бұдан кейін Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің еңбекақысы туралы сөз қозғады.

"Жол картасының маңызды бағыты қызметкерлерге еңбекақы төлеу және әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту. Үнемделген қаржы мен қосымша бюджеттен бөлінген 20 млрд теңге 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қызметкерлерге жалақыларын саралап арттыруға бағытталды. Осы орайда 65%-ға патрульдік полицияның, 55%-ға жедел-тергеу бөліністерінің, 25%-ға учаскелік полиция инспекторы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларының, сондай-ақ 20%-ға полиция және ҚАЖ қызметінің қалған қызметкерлерінің еңбекақысы өсті", – деді Е.Тұрғымбаев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу