Тұрғын үйлер жатақханаға айналады – ҚР БҒМ

1090

Ғимараттарды жатақхана етіп қайта құру кезінде мемлекеттік тапсырыс мөлшері екі есеге жуық ұлғайтылды.  

Тұрғын үйлер жатақханаға айналады – ҚР БҒМ

Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй нысандары студенттік жатақханаға айналады, хабарлайды inbusiness.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері елордалық студенттердің тұрғын үйге қатысты мәселесін шешу үшін инвесторлармен тиісті келіссөздер жүргізді. Бүгінгі таңда 9 инвестор ғимараттарды қайта бейіндеуге дайын.

"Біз салынып жатқан, сондай-ақ қолданысқа берілген тұрғын үй нысандары мен жатақхана ретінде пайдалануға болатын ғимараттарға бардық. Осы ретте тұрғын үйлердің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін егжей-тегжейлі қарастырдық. Нысандарды осы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған. Біз бұл мәселені, сондай-ақ студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін кешенді шешуді бақылауда ұстаймыз", – деп атап өтті ҚР БҒМ Қаржы орталығының ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин.

Студенттік жатақханаларды қайта құру қарқынын жеделдету үшін жаңа жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, ғимараттарды жатақхана етіп қайта құру кезінде мемлекеттік тапсырыс мөлшері екі есеге жуық ұлғайтылды, яғни студент алған әрбір орын үшін 47 АЕК-тен 92 АЕК-ке дейін. Бұл норма Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы объектілерге қатысты қолданылады. Мұндай жаңашылдық студенттік жатақханалар санын айтарлықтай арттыруға және білім алушылардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте аталған жатақханалар өзінің нысаналы мақсаты бойынша кемінде 20 жыл жұмыс істеуге тиіс.

Соңғы үш жылда елімізде 90-нан астам студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін тағы 32 нысан қолданысқа беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу