Тұрғын үймен бірінші кезекте көпбалалы отбасылар қамтылады

767

Биыл "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 4 мың адам баспаналы болды. 

Тұрғын үймен бірінші кезекте көпбалалы отбасылар қамтылады

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы  Мархабат Жайымбетовтың сөзінше, биыл бірінші кезекте сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлермен көпбалалы отбасылар қамтылады.

"Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 30 мың отбасын баспанамен қамту жоспарланған. Биыл олардың 4 мың 835-і баспаналы болады", – деді ол. 

Жыл сайын отбасының бір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін табыс табатын отбасыларды әлеуметтік баспанамен қамту үшін 32,8 млрд теңге қарастырылады. Биыл осы бағдарлама бойынша әлеуметтік осал топтағы 4 мың адам баспанамен қамту жоспарланға.

"Бұдан бөлек, елімізде "Бақытты отбасы" бағдарламасы бар. Ол 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Аталған жоба аясында қайталама нарықтағы және жаңа үйлерден көпбалалы, толық емес, мүгедек балалары бар отбасылар пәтер ала алады. Осы бағдарлама бойынша 2019 жылы 5 мыңнан аса адам баспаналы болды. Биыл 49 млрд теңге бөлініп, 4 мың 900 отбасын қамту жоспарланып отыр. Бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 4 мың 769 өтініш келіп түскен. Оның 4 мыңына ипотека берілді", – деді  Мархабат Жайымбетов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу