Тұрғындар 327 келі балықты заңсыз аулаған

813

Оларға 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Тұрғындар 327 келі балықты заңсыз аулаған

Павлодарда балық аулауға тыйым салу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұған дейін балық уылдырық шашатын уақытта, яғни мамыр айының соңынан 20 маусымға дейін тор құрып, қармақ салуға тыйым салынатын. Биыл көпшілік өтініші бойынша және ғалымдардың ұсынысына сәйкес тыйым салу мерзімі 15 сәуірден 30 мамырға дейін жалғасты.

"Зайсан-Ертіс" облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Василий Павловтың сөзінше, осы жылы 33 браконьер қолға түсті. Олардың барлығы бірдей тыйым салу мерзімінің жылжығанынан бейхабар болдық деген уәжді айтқан көрінеді.

"Браконьерлерден барлығы 327 келі балық, 6 қайық, 2 мотор, 4 келіден астам тор тәркіленді. 16 материал сот қарауына жолданды. Нәтижесінде 700 мың теңге айыппұл салынды", - дейді Василий Павлов.

Бүгінгі күні балық аулауға болады. Бірақ рұқсат берілгеннің өзінде бірнеше шектеу бар. Мысалы, жіптен тоқылған торларды құруға тыйым салынған. Сондай-ақ, бір адам 5 келіден аспайтын балық аулауы тиіс. Олай болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуі мүмкін.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу