Пайдаланушылар бұдан былай Astrabus қосымшасы арқылы астаналық автобустардың қозғалысын бақылай алмайды. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Astrabus қосымшасына енді қолдау көрсетілмейді және ол жаңартылмайды. Бұл қосымша біздің компанияға емес, үшінші тарап әзірлеушілеріне тиесілі екенін атап өтеміз", – дейді компаниядан.
Компания елордалық автобустардың бағыттарын қадағалауға көмектесетін өзге қосымшалардың тізімін ұсынды: 2gis, Yandex. Карталар.
"Атап өтейік, бұл қосымшалардың барлығы да үшінші тарап әзірлеушілеріне тиесілі. @cts_kz олардың жұмысы үшін жауап бермейді. Осы тізімнен өзіңізге ыңғайлы кез келген қосымшаны телефоныңызға жүктеп алып, қалалық қоғамдық көлік қозғалысын бақылаңыз. Қосымшаларды Play Market және App Store дүкендерінен жүктеп алуға болады", – делінген "City Transportation Systems" ЖШС хабарламасында.