Тұрғындар дәрігердің қабылдауын айлап күтуге мәжбүр

385

Қостанай облысындағы Қостанай ауданының тұрғындары дәрігерлерге кезекті айлап күтуге мәжбүр. 

Тұрғындар дәрігердің қабылдауын айлап күтуге мәжбүр

Тар бейінді мамандарға қаралу үшін облыс орталығына қатынап жүр. 70 мыңнан астам халықтың, медициналық көмекке дер кезінде қолы жетпей жүргенінен жергілікті билік жақсы таныс. Алайда, бұл мәселені шешу үшін 20 жыл ойланып жүрген сыңайлы. 

Қостанай ауданының тұрғын саны 75 мыңнан асып жығылады. Осыншама халқы бар мекендегі аудандық орталық аурухананың әлі күнге басыбайлы ғимараты жоқ. Жекеменшік ғимараттың бір бөлігін 23 жыл бойы жалдап жүр.

Зейнеткер Серікжан Құсайынов жүрегіне ота жасатқан. Кардиологтың бақылауында болуы тиіс. Алайда, бұл дәрігерге қаралу үшін алдымен терапевттен жолдама алуы міндетті. 

Тіркеу орнына келіп, дәрігерге жазыла алмай, бос қайтқан қариялардың қарасы көп. 

"Жаңа жылдың алдынан 2 ай болды мінеки терапевтке жазылу керек"лә жазыла алмай жүрмін. терапевттің қабылдайтыны күніне 2 сағаттан қабылдайды екен. Жетісіне 3 күн ғана қабылдайды", дейді Қостанай ауданының тұрғыны Серікжан Құсайынов.

Бас дәрігердің айтуынша, емхана ғимаратының іші тар болған соң терапевт дәрігерлердің қабылдау уақытын қысқартқан. Ал, тар бейінді мамандардың тексеруінен өтуі тиіс науқастарды тегін жолдама беріп облыс орталығына жіберетін көрінеді.    

"Тар бейінді мамандарға кезек күтетіндер өте көп. Өйткені, емхана іші тар. Бұл дәрігерлердің қабылдау жүргізуіне кабинет тауып бере алмадық. Биыл жаңадан емхана салуға қаржы бөлінді. Ақпан айында мердігер анықталуы тиіс", дейді Қостанай орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің м.а. Владимир Шатерников.

70 мың халқы бар ауданға жеке аурухана салуды билік өкілдері 20 жылдан астам ойланыпты.  Осы уақыт аралығында қаншама қаржы 2 мың шаршы метр ғимаратты жалға алу құны мен қаладағы емханаларда қаралған науқастар ақысы үшін төленді. Қариялардың пайымынша, бұлай шашылғанша тар бейінді мамандарға қаралу тәртібін жеңілдеткен жөн еді. Сонда жалпы практика дәрігерлерінің де жүктемесі азайып, медициналық көмек дер кзеінде көрсетіледі. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі халықтың бұл өтінішін бірнеше рет естігенмен, бекіткен бұйрықты бұзбай келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу