Тұрғындар екі аптадан бері су үшін кезекке тұруға мәжбүр

502

Ауыл жұрты ауызсуға апталап кезекке тұруға мәжбүр. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылының тұрғындары осылай деп дабыл қағуда.

Тұрғындар екі аптадан бері су үшін кезекке тұруға мәжбүр

Екі аптадан бері тіршілік нәріне зар болғандар, кезексіз су алу үшін 3 есе артық ақы төлеуге мәжбүр. Тіршілік нәріне қол жеткізу үшін  мұндағы жұрт ұзын-сонар кезекке тұрады. Мәселен бүгін тізімге жазылған тұрғынға ол су  3-4 күннен кейін бірақ тиеді. Кезек күтпей алғысы келетіндер болса тиісті 2600 теңгенің орнына, 10 мың теңге төлейді.

Ауызсу тапшылығы тек ауылда ғана емес, облыс орталығында да өзекті. Аймақ бидлігі қала халқын сумен қамту үшін ауылдықтарға тиесілі суды қалаға да жіберу туралы шешім шығарған екен.

"Қазіргі кезде МАЭК те су тұщыту қондырғысы іске шығуына байланысты қалаға суды өндіріп бере алмай жатыр. Қазіргі таңда Каспий су тұщыту зауытынан Мұнайлы ауданы су алып отыр. Каспий су тұщыту зауыты Маэк су өндіре алмағаннан кейін қалаға суды беріп отыр. Бізге тиісті деңгейде су келмегеннен кейін  құбыр арқылы ауылға суды бере алмай отырмыз", дейді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Өтегенов. 

Ал жауапты басқарма болса, мәселе жақын уақытта шешіледі деп отыр. 

"Қазіргі таңда Ақтау қаласында қажетті су резервуарлары жинақталғаннан кейін Каспий су тұщыту зауытының Ақтау қаласына беретін көлемі азайтылып, Мұнайлы ауданына жіберіліп жатыр. Жақын аралықта Мұнайлы ауданы толықтай Каспий су тұщыту зауыты арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады", деді Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров.

Дегенмен, жауаптылар сөзіне тұрғындар күмәнмен қарайды. Уәде орындалған күннің өзінде, ауылдағы 35 мың халықтың күні су таситын 4 көлікке қарайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу