Тұрғындар қайықпен қатынап жүр

311

Атыраудың Қызылқоға ауданындағы бірнеше ауылда көлік қатынасы мүлдем тоқтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тұрғындар қайықпен қатынап жүр Фото: Атырау облысының әкімдігі

Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тасқын судың салдарынан аудан орталығы – Миялы ауылынан 500 метр қашықтықтан өтетін "Сағыз-Миялы-Қарабау-Индер" бағытындағы айналма тұсы жырылып, автокөлік қатынасы толықтай тоқтаған. 

"Қазір Ойыл өзенінің аудан аумағындағы жағадауына жақын орналасқан округ тұрғындары үшін 2 қайықпен тасымал ұйымдастырылуда. Ойыл өзені арнасынан асып ағып жатыр. Судың қазіргі деңгейі – 3,2 метр. Ойылдың суы "Ералы" су торабына құйылып жатыр. Ал, Сағыз өзеніндегі су деңгейі түсіп, қауіп сейілді", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 судан құтқару жасағы, 25 құтқарушы Қызылқоға ауданына көмекке келді. Сондай-ақ, жол талғамайтын 1 Трэкол, 1 Урал, 1 УАЗ көлігі мен 3 маторлы қайық жеткізілді.

"Аудан аумағында 45,7 шақырымдық бөгет бар. Былтырғы көктемнен бері 3 бөгет, 1 өткел қалпына келтірілді. Қарабау, Тайсойған, Ойыл, Көздіғара және Сағыз ауылдық округтерінде 16 шақырым бөгет жаңадан соғылды", - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының қанша елді мекеніне тасқын су қаупі төнетінін хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу