Сондай-ақ, тұрғындар аула ішіндегі жолдың өте тар екенін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
- Кейде "5 этаждан жоғары үйлерді не істейміз, сол бізге керек пе?" деп ойланамыз. Өйткені, ең біріншіден, сапа болуы керек. Қазіргі салынып жатқан үйлердің ауласына екі көлік сыймайды, үйдің бөлмелері тар, жалпы алғанда "проектісі" нашар, содан басқа архитектуралық үлгі жоқ сияқты.
5 этаждан жоғары үйлер салмағаны дұрыс та секілді. Себебі, осының өзіне су көтерілмейді. Көпқабатты үйлерде тұрып жатқандарды көбі, тіпті бәрі насос пайдаланады, - дейді Бауыржан есімді қала тұрғыны.
Жалпы, көпқабатты үйлерді салудың да өз заңдылығы бар. Лифт қоюдың өзі көп қаржыны қажет етеді. Білетіндер "құрылыс мекемелері сондықтан өзіне ыңғайлы, шығыны аз үй тұрғызғанды қалайды" дейді.
Қалай десек те, "үйлерді 5 қабаттан асырса, Қызылорданың жері көтермейді" дегеннің миф екенін көпшіліктің ұғатын уақыты жеткен сияқты.
Осы күні аймақта 7 қабатты үйдің құрылысы жүріп жатқан көрінеді.
- Тұрғын үй құрылысын салу барысында барлық құрылыс талаптары ескеріледі. Қазіргі таңда Сол жағалау тұрғын ауданында 7 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде, - деп хабарлады "Ашық Қызылорда" парақшасы.
Бұған дейін Қызылорда қаласының Сол жағалауынан 2022-2023 жылдары мемлекеттік бағдарлама аясында 9 және 12 қабатты үйлер салынады деген ақпарат тараған болатын. Десе де, тұрғындар әлі күнге дейін 5 этажды, инкуватордан шыққан секілді барлық жағынан бір-біріне ұқсас үйлердің ғана құрылысын көруге мәжбүр.