Тұрғындар қауіпті үйден көшіруді талап етіп отыр

835

Тұрғындар қауіпті үйден көшіруді талап етіп отыр

Мамандар Алматыдағы "Алғабас" ықшамауданындағы №155-156 үйлерді тексеріп жатыр, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Сәуірде жауған жауыннан соң онсыз да іргетасы сыр берген №156 үйдің үстіңгі қабаты қисая бастаған. Баспаналарының қабырғасы күн санап қисайғанын байқаған тұрғындар қауіпті үйден көшіруді талап етіп отыр.

"Үйдің жағдайы отырғанда кәдімгідей біреу қозғап тұрған сияқты сықыр-сықыр етеді. Есіктер ән салады. Асханамның есігін сықырлай бергесін алып тастадым", — дейді тұрғын Жаныс Меңдібаев.

Телеарнаның мәліметінше, дабыл қаққан жұрттың жан айғайын жергілікті әкімдік естіген. Бірақ, атқамінерлер үйді апатты деуден аулақпыз дейді. Өйткені, баспананың 40 сантиметрге ауытқығаны ел арасындағы жаңсақ пікір деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу