Тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы қажет – Олжас Бектенов

152

Сондықтан көмірді вагондармен тасымалдауға басымдық беріледі. 

Тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы қажет – Олжас Бектенов Фото: pixabay

Премьер-Министр жылу беру уақтылы жүзеге асырылғанын атап өтіп, алдағы күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде де жылу берілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Үлкен жұмыс атқарылды. Оны бөлінген қаржы көлемінен де, жүргізілген жұмыс ауқымынан да байқауға болады. Енді ең бастысы – жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізіп, жоспарланған барлық параметрлерді сақтай білу. Коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу бөлімшелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды", — деп атап өтті Үкімет басшысы. Өңірлердің әкімдеріне жылу беру маусымының барлық мәселелерін жеке бақылауда ұстау тапсырылды.

Үкімет отырысы барысында өңірлерге коммуналдық және тұрмыстық көмір жеткізу мәселесіне ерекше назар аударылды.   

"Көмірді вагондармен тасымалдауға басымдық беру қажет. Тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындықтар болмауы керек", — деп атап өтті Олжас Бектенов. Өңір әкімдері мен өнеркәсіп және көлік министрліктерінің алдына тиісті міндет қойылды.

Сонымен қатар Үкімет басшысы энергетика министрлігіне ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, жылу және электр энергетикасы бойынша "тарифті инвестицияларға айырбастау" бағдарламасы шеңберінде инвестициялық міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуді тапсырды. Бұдан әрі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп – жылу және энергия кәсіпорындарында табиғи монополиялар субъектілерінің осы міндеттемелердің орындалуын бақылау шараларын өзектендіру қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу