Тұрғындар мен бизнесмендер сенбілікке белсенді емес - Абай облысы әкімдігі

677

Бүгін Семейде жалпы қалалық сенбілік өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұрғындар мен бизнесмендер сенбілікке белсенді емес - Абай облысы әкімдігі

“Бұған дейін 200-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындарына, шағын және орта бизнес өкілдеріне, білім беру, медицина мекемелеріне, ПИК-ке хабарлама жіберіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алайда тұрғындар мен бизнесмендер тиісті белсенділік танытпады”, - деп мәлімдеді жаңа құрылған Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сенбілікте Бозтаев көшесі, Селевин көшесі, Абай көшесі, Шәкәрім даңғылы, Қаржаубайұлы көшесі мекен жайы бойынша аумақты жинау және ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 650 адам мен 19 арнайы техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ,"ВостокСтройгрупп" ЖШС құрылыс компаниясы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін шығару үшін техника ұсынды, бұл жұмыстар ПИК-пен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Сенбілік күні қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қоқысты қабылдауды ұйымдастырған кәсіпкерлер де табылды.

Кеше "Теплокоммунэнерго" МКК "Ет комбинатынан" МАИ бекетіне дейінгі аумақты тазалады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу