"Реформалар – Қазақстан азаматтары үшін өмірін жақсартудың керемет бір мүмкіндігі. Үйлер кеңесінің институтын дамытыңыздар. ПИК-термен байланысты түзеңіздер. ПИК жақсы жұмыс істеп жатқан жерде – оларды ешкім ешқандай позициясынан ысырып жатқан жоқ. Тұрғындар үшін бұл бәрін жаңадан бастаудың жақсы бір мүмкіндігі. ПИК төрағалары сервистік немесе басқарушы компанияларға айналып кете алады. Себебі ПИК төрағаларының қаншама жылдан бері тәжірибесі жинақталып қалғанын айта кету керек. Бұл құзыретті жоғалтпау керек. Тұрғындар да жақсы жұмыс істейтін ПИК төрағаларының кеткенін қаламайды. Тек жұмыстың ескі модельдерін жармасып қалудың ешқандай қажеті жоқ. Түсініп, бейімделіп, жұмысты жалғастыру керек",– деді Қазыбек Шайх ОКҚ алаңында.
Айта кетерлігі, "Қазорталық ТҮКШ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков бұған дейін леде тұрғын үйлерді басқаратын жаңа 7499 нысаны құрылғанын айтқан еді. Оның 1554 – мүлік иелері кооперативтері болып отыр.
Аян Бекенұлы