Тұрғындар сақтық шараларына немқұрайлы қарай бастаған

971

Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы сақтық шараларының әлсірей бастағанын көрсетеді.  

Тұрғындар сақтық шараларына немқұрайлы қарай бастаған

Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері айтты. Ерлан Қиясовтың дерегінше, еліміздегі жекелеген өңірлерде  коронавирус инфекциясы ерекше өршіген. Айталық, Маңғыстау облысында – науқастар саны 81-ден 315 жағдайға дейін, Түркістан облысында – 102-ден 256 жағдайға дейін, Шымкент қаласында 150-ден 195 жағдайға дейін, Қызылорда облысында 48-ден 135 жағдайға дейін өсу байқалған.

 ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің сөзінше, бұл жағдай азаматтардың сақтық шараларына немқұрайлы қарай бастағанын көрсетеді. "Сондықтан адам көп шоғырланған орынға бара бермеңіздер, қонаққа баруды азайтыңыздар, қоғамдық орындарға бұрынғыдай маскамен кіріңіздер, қашықтық сақтауды ұмытпаңыздар. Ал жұмыс берушілер қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Әркім өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, сақтық шараларын қатаң сақтағанда ғана вирустың таралуын тоқтата аламыз", - дейді Ерлан Қиясов.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу