Тұрғындар саны 2 мыңнан асатын ауылдардың өз бюджеті болады

724

Тұрғындар саны 2 мыңнан асатын ауылдардың өз бюджеті болады

Елімізде бюджеттің төртінші деңгейі енгізілді. Енді келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындар саны 2000 адамнан асатын ауылдардың өз бюджеті болады, деп хабарлайды zhasalash.kz.

Елімізде мұндай 1066 ауыл бар. Ал 2020 жылдан бастап барлық 2444 елді мекен дербес бюджетін құрып, оны өздері басқаруға мүмкіндік алмақ. Ал қаржының жұмсалуын ауыл тұрғындарының өздері қадағалайтын болады.

"Біріншіден, бұл жеделдік. Ауыл әкімі бұрынғыдай ауданнан қаржы күтіп отырмайды. Екіншіден, ашықтық. Ауыл әкімі жергілікті тұрғындардан құралған кеңестің келісімінсіз бір тиын да жұмсай алмайды. Үшіншіден, тиімділік. Ауыл тұрғындары шешімін таппай жатқан көкейкесті мәселелерін өзгелерден жақсы біледі. Демек, ауыл зиялысының үні естілетін болады. Енді ауыл әкімі қаржы бөлінетін кез келген істе ауданға жалтақтамай, өз ауылының үлкендерімен, ақсақалдарымен ақылдасып отырады", – дейді бұл жөнінде ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу