Тұрғындар сасық аудандағы жаңа үйлерден бас тартуда

903

Тұрғындар сасық аудандағы жаңа үйлерден бас тартуда

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша апатты үйлері сүрілген астаналықтар жаңа баспанада тұрудан бас тартып жатыр. Ескі болса да, қала орталығындағы үйіне бауыр басып қалған азаматтар, сол жағалаудағы жағымсыз иісі бар Талдыкөл жағасына қонғысы келмейді. Бірақ, апатты баспана иелеріне әкімдіктің басқа ұсынар үйі жоқ. Бұл туралы ktk.kz хабарлайды.

Тұрғындар сол жағалаудағы жаңа баспанаға көшуден үзілді-кесілді бас тартып отыр. Өйткені үйлері ескі болса да, орталықта. Мектеп, дүкен, жұмыс жайы – бәрі жақын.

Ескі үйлердің ауданы аз болғанымен, бөлме сандары көп. Сондықтан үш бөлмелі үйдің орнына екі бөлме бұйырғандар аз емес. Тұрғындарға әкімдік ұсынған үйдің орналасуы да ұнамайды. Жаңа қоныс Президент бұрынғы әкім Жақсыбековті жағымсыз иісі үшін сөккен ауданда.

Әкімдік тым құрығанда тұрмысқа қажетті жағдай жасап беруі керек еді дейді тұрғындар. Ал көштен бас тартқандарға әкімдіктің жауабы мынау:

-Пилоттық жобаның шарттарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі апаттық үй құрылыстарын бұзады және бұзылатын апаттық үйлердің орнына ауданы бойынша тең пәтерлер беріледі. Бұл жағдайда тұрғындар жаңа пәтерлердің ескі үйлердің бөлме санына тәуелсіз, шаршы метрлері бойынша тең үлестірілетінін түсінуі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу