Тұрғындар шағымынан соң Экология комитетінің төрағасы Чапаев ауылына барды

666

Ақмола облысы Жақсы ауданының тұрғындары Чапаев ауылдық округінде марганец кенін өндіру жөніндегі жұмысқа, оның қоршаған орта жағдайына теріс әсеріне бірнеше рет наразылық білдірген еді.

Тұрғындар шағымынан соң Экология комитетінің төрағасы Чапаев ауылына барды

Ауыл тұрғындары бұл мәселені Экология министрі С.Брекешевтің жеке қабылдауында да көтерген, оның нәтижелері бойынша кен орнының аумағына бірлескен шығуды ұйымдастыру тапсырылды. Осыған орай, Экология комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Жақсы ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жер қойнауын пайдаланушылар - "Есіл-марганец" және "ТКС-Жақсылық" ЖШС.

"Есіл-марганец" ЖШС – Ақмола облысындағы Тасоба, Жюнжен кен орындары тобында темір-марганец кендерін барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына ие. Экология департаменті серіктестікке "темір-марганец кендерін барлау жоспарына қоршаған ортаға әсерді бағалау" жобасына МЭС қорытындысымен бір мезгілде эмиссияға рұқсат берген. Бүгінгі таңда экология департаментінде Тасоба кен орнының бүлінген жерлерін қалпына келтіру жобасы бойынша өтініш қаралуда.

"ТКС-Жақсылық" ЖШС-дан сот шешімінің негізінде барлық рұқсат беру құжаттары кері қайтарып алынды. Қазіргі уақытта кәсіпорын өндірісті жүзеге асырмайды. Департамент серіктестіктің жоспарланған қызметі туралы қамту саласына қорытынды беру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, өйткені қарау Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің құзыретіне кіреді. Кәсіпорынның кен орнын рекультивациялауды жүргізбеуіне байланысты департамент осы кәсіпорынды тексеруді ашу бойынша жұмыс жүргізеді, оның қорытындысы бойынша бір ай ішінде аудан жұртшылығымен қайта кездесу ұйымдастырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу